Basty bet

101 және 112 арнасына жалған қоңырау шалу

Өрт сөндіру бөліміне (101) немесе төтенше жағдайлар қызметіне (112) әдейі жалған қоңырау шалу Қазақстан заңнамасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабына сәйкес, мемлекеттік өртке қарсы қызметті, полицияны, жедел жәрдемді немесе авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін жеке тұлғаға 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер мұндай құқық бұзушылық:

 

– Бір жыл ішінде қайталанса;

– Немесе төтенше жағдайларды, өрттерді, апаттарды жою кезеңінде жасалса онда 120 АЕК айыппұл немесе 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылады.

 

14 пен 16 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар жалған шақыру жасаған жағдайда, жауапкершілік ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға жүктеледі.

 

Сонымен бірге, өрт туралы жалған хабарлама салдарынан арнайы техникалар мен құтқарушылар босқа жіберіліп, нақты көмекке мұқтаж адамдарға дер кезінде жете алмауы мүмкін. Сондықтан жалған шақыру заңмен қатаң жазаланады.

 

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close