Basty bet

Көмек- қолдау көрсетілуі қажет!

Аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметованың төрағалығымен Жуалы ауданы әкімдігінің жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, басқа да әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңес органы 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы туралы комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2022 жылдың 9 айында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен атқарылған жұмыстар туралы қарастырылды.
Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Тыныбеков атқарылған жұмыстары жайлы баяндама жасады. Жазасын өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеп жүрген азаматтардың балаларына көрсетілген психологиялық жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінің меңгерушісі Е.Көмек оларға көрсетілген тегін медициналық көмектерге тоқталды.
Бұл азаматтардың қоғамға тезірек сіңісіп кетуі үшін, әрі қылмыстық іс-әрекеттердің қайталанбауы үшін арнайы іс-шаралар да ұйымдастырылған болатын. Бұл ретте, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Арзымбетов пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Естаева да өз баяндамасын жасады.
Комиссия отырысын қорытындылай келе, аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы мекеме басшыларына жазасын өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеп жүрген азаматтарды квота санына сәйкес жұмыспен толық қамтамасыз етілуін тапсырды.

Үміт МАДИЯРБЕК,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close