Basty bet
«Парасатты отбасы» байқауы үздіктерді анықтады
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты іргетасы – отбасы. Азаматтық қоғамды құрудың қозғаушы күші болып табылатын отбасылық қарым-қатынастар арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады.
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Парасатты отбасы» атты аудандық байқауы өтті. Аталған байқау аудан орталығындағы №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды отбасыны анықтау.
Байқау қорытындысында I орынды №27 Диқан орта мектебінен Бекбаевтар отбасы, II орынды №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептен Қожахметовтар отбасы, III орынды №24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептен Нышановтар отбасы иеленді.
Жеңімпаз және жүлдегер отбасыларға, сонымен қатар, «Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Өнерлі отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы» атты номинацияларын иеленген отбасыларға білім қызметкерлері кәсіподағының Жуалы аудандық комитетінің атынан ынталандыру сыйлықтары және аудандық білім бөлімінің Алғысхаты табысталды.
Жуалы ауданының білім бөлімі