Basty bet

Жас өрендердің облыстық байқаудағы жүлдесі

Жамбыл облысының Сарысу ауданында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында «Маралтай оқулары» облыстық байқауы өтті.
Байқауда ақын Маралтай Райымбекұлының бірнеше өлеңін жатқа айту, Маралтай Райымбекұлына арнау шығарып, оны мәнерлеп айтудың қорытындысында көптің ішінен көзге түскен үміткерлердің арасында арнау номинациясы бойынша Жуалы аудандық орталық кітапхананың тұрақты әрі жас оқырманы Мирас Ғали ІІІ орынды иеленді. Ал, мәнерлеп оқу номинациясынан Қосбөлтек ауылдық кітапханасының оқырманы Аршат Ниетбек те жүлделі ІІІ орынның жүлдесімен марапатталды.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Таңдаулы материалдар

Close