Basty bet

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермейік.

Тұрмыстық қалдықтарды тастамайық!

Ауданымызда табиғатты қорғамай, аулалардың ластануына жол беріп жатқандар баршылық. Көшеден өтіп бара жатсаң кейбір үйлердің сыртқы ауласында күл-қоқыстың көптеп жатуы, кейбір тұрғындардың осыған көңіл аудармауы қатты толғандырады.
Бауыржан Момышұлы ауылының кейбір көшелерінде, үйілердің ауласының қасында орналасқан ашық жерлерде, өздерінің үйінің артқы жағында орналасқан сай – салалардағы жерлерде қоқыстардың түр-түрі төгілуде.Оның ішінде малдың көңдері, сойылған еттері, шиша бөтелке, пластик ыдыстар, құрылыс заттары және т.б. көптеген заттар төгілуде.
Б.Момышұлы ауылында коммуналдық қалдықтарды жинаумен және оны арнайы күл-қоқыс полигондарына тасумен айналысатын жекеменшік мекемелері жетерлік, алайда кейбір тұрғындар оған көңіл бөлмей аулаларды ластауды жалғастыруда.
Ауыл тұрғындары өзінің ауласын тазалықта ұстаса, өзіне де жақсы, денсаулыққа да зияны тимейді. ҚР заңнамаларында осы тектес заңбұзушылықтарға да қатысты жауапкершіліктер қарастырылғанын тұрғындардың білгені артық болмас.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде аталған іс әрекеттерге жауапкершіліктер қарастырылған.
Мысалы: 324-бапқа сәйкес, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
434-2-бабына сай, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Аталған әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттерге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Қорытындылай келе, әркім өзінің тұрғылықты тұрып жатқан ауылын өзінің үйіңдей көру керек, Жер-Анаға қиянат жасауға болмайды. «Жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты сөзді ұрандатқан халықпыз, соны ұстанайық, ағайын!

Нұржан Манасұлы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close