Basty bet
Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауын 20 қараша күні белгіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуде:
-Менің белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының түрлі партиялардан, бірлестіктерден тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.
Сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды. Мен Мемлекет басшысы ретінде Президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік беремін”, – деді Президент.
Президент сайлауы – әрбір халық үшін маңызды күн. Себебі, халық үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен танысып, өзінің қалаған кандидатына дауыс бере алады. Сайлау әділ өтуі үшін оған әрбір азамат қатысуы қажет. Сонда ғана сайлау әділетті өтеді.
Қазіргі таңда дәрігерлерге түрлі жағдайлар жасалуда. Дәрігерлердің білімін арттыру үшін осы саладағы үздік мамандармен арнайы оқулар да өткізілуде. Бұл – халықтың денсаулығын жақсарту мен дәрігерлердің біліктілігін арттыруға арналған шаралар.
Қорыта келе, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы елдегі реформалардың аяғына дейін жүзеге асуына өз септігін тигізеді деп сенемін. Жаңа, әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
Әсия ТҰРЫС,
аудандық орталық аурухананың кардиолог дәрігері