Basty bet

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Департаментпен 2022 жылдың өткен мерзімінде 119 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды. Оның ішінде: тізім бойынша – 28, жоспардан тыс-91, оның ішінде : 7 – Комитеттің тапсырмасы бойынша, 77 – заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша және 7 – құқық қорғау тапсырмасы бойынша.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 111 нысанда жалпы сомасы 38 828,3 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 4 048,7 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 34 779,6 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде 42 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 19 355,7 млн.теңге.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 4 048,7 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 3 173,8 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 78,4 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 106 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 37 әкімшілік материал салу – 9,3 млн.теңге, өндірілгені – 9,0 млн.теңге, яғни орнын толтыру 96,8 пайызды құрады.
Арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 1 061,6 млн.теңгені құрайтын 9 материал құқық қорғау органдарына берілді.

М.Т.Егембердиев,
Жамбыл облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
Департаментінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close