Basty bet
Нашақорлықтың алдын алу
№29 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектетің 9-11 сынып оқушыларымен «Нашақорлық ауыр індет – алдын алу міндет» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Жуалы жастар» орталығының психологі Назерке Мақтабаева, Б.Момышұлы ауылының жастар ісі жөніндегі инспекторы Қадырбек Қонысбай, Жуалы аудандық орталық аурухананың «Сенім» жастар денсаулық орталығының психологі Венера Сейтаева, саламатты өмір салты маманы Камшат Әміреева қатысып, жастарға жаман әдеттен аулақ болуға шақырып, дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Нашақорлық бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Нашақорлық – ғасыр дерті, анашалық заттар адам өміріне аса қауіпті екенін ұғына отырып, алдын алу, саналы да саламатты өмір сүру. Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына аса мән беруі қажет.
Жалпы халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрдайым жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. ЖАС ДОСТАР! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу біздің қолымызда. Өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор, ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің саламатты перзентіміз. Ойланайық! Санамызға салып пайымдайық! Сіздерді нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамыз!
«Жастар ресурстық орталығы»
мекемесі