Basty bet

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы

Мемлекеттік қызмет қоғам мен мемлекет тарапынан жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан олар өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсауға міндетті.
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.
Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысы, іс-әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда. Олар әдеп кодексінің талаптарын сақтап, тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу керек.
Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде мемлекеттік қызметші мынадай ұстанымдарды ұстануға тиіс: өз ойын дұрыс және дәлелді түрде баяндау; сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру; толық кеңес беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру; жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмекті көрсету. Шағым түскен жағдайда мемлекеттік қызметші туындаған мәселені жылдам шешу үшін бірден шаралар қабылдау керек. Мұндай қарым-қатынас кез-келген азаматқа мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар олардың әдептілігі де маңызды. Себебі, әдептілік – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті және ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану қажет. Өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, халықтың сұранысына бағдарлануына тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да, әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзге желі пайдаланушылармен сөйлесу кезінде сыпайылық танытуға, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттардың сақталуына жүйелі бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуына мүмкіндік туғызады.
Әрбір мемлекеттік қызметші алдымен халыққа қызмет етеді. Осыны естен шығармау маңызды. Шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауға, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуі керек.
Қуаныш Ғалиұлы,
аудан әкімдігі
қаржы бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close