Basty bet

Мемлекеттік қызметтің тиімділігі

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды.
Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.
Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет алушыға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Бұйрықта көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібі енгізілген.
Биылғы жылдың 6 айында Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен барлығы электронды түрде 899 қызмет көрсетілген, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 10 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы, азаматтарға қолайлы және әр мекемеге жүгіртпеу, ашықтық принципін қамтамасыз ету мақсатында барлық қызмет тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» және электронды үкімет, Е-лицензиялау порталдары арқылы көрсетіледі және азаматтарға мемлекеттік қызметті мемлекеттік органдарға жүгінбей, үйде отырып алуға болады. Осының барлығы құжаттар топтамасын анағұрлым азайтуға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған.
Барлық сұрақтар бойынша немесе толық ақпарат алу үшін Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кезекші бөлімі 2-14-56 телефоны арқылы хабарласуға, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсынан білуге болады.

Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close