Basty bet
Өзара ынтымақтастық оң бағытта жалғасуда
Жамбыл облысы бойынша билер Кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов аудандық сотқа жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында О.Есіркепов билердің жұмыс кабинеті және татуласу кабинетін көріп, олардың материалдық жабдықталуына жоғары баға берді.
О.Есіркепов Жуалы ауданының билерінің сотта және сотқа дейінгі дауларды шешу бойынша ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарына оң баға бере отырып, сотқа дейінгі институттың ары қарай дамуы, олардың көрсеткіштерін көтеру т.б. мәселелерге оң баға берді.
Сонымен қатар, О.Есіркепов аудан билерінің шешендік сөздерінің байлығын бағалау бойынша конкурс өткізу қажеттігін айта кетті.
Осы тұрғыда билердің үнемі өткізілетін жиыны бойынша клуб ашу қажеттігіне мән беру туралы мәселені қозғады.
Тағы айта кететін жайт, Жуалы ауданы Жамбыл облысы бойынша билермен тоқтатылған даулардың ішінде алдыңғы қатарда жүруіне байланысты өз алғысын білдірді.
Өз кезегінде, аудандық соттың төрағасы Б.Абуев көрсетілген сенім үшін алғысын білдіре отырып, 9 айда билермен сот арасындағы қарым-қатынас жоғарылай беретінін, азаматтар арасындағы сотқа дейінгі татуласу бойынша аудан билерімен бірлескен жұмыстарда табыстардың жалғасатынына сендірді.
Соңында, қатысушылармен сотқа дейінгі бітімгершілік бойынша басқа да сұрақтар қозғалып олар бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.
Марат Құлибаев,
«Жаңа өмір»