Basty bet

Аппараттық кеңес өтті

Аудан әкімі міндетін атқарушы Айдос Асабаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Кеңестің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – жаңа оқу жылына дайындық барысы. Бұл бағыт бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Шертаева баяндама жасап, білім беру нысандарының оқу жылына дайындығы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы тиісті жұмыстардың барысына тоқталды.

Екінші мәселе – жылыту маусымына дайындық барысы. Аталған мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Айтбаев баяндама жасап, жылыту маусымына дайындық жұмыстарының қазіргі жағдайын баяндады.

Кеңес барысында жауапты бөлімдерге белгіленген жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Таңдаулы материалдар

Close