Basty bet

Оқуға шақырады

Қазіргі таңда ҚР IIМ жүйесінде 3 жоғары оқу орындары жұмыс істейді. ҚР ПIМ Алматы Академиясы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жедел-іздестіру және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша дайындайды. Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы» және «Физика» ҚР IIМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тергеу-криминалистикалық және жедел-криминалистикалық мамандықтары бойынша дайындайды. Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы». ҚР IIМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша әкімшілік-құқықтық мамандығы бойынша дайындайды. Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы». Оқу орындарына орта немесе арнайы орта білімдері бар 25 жасқа дейінгі және оқуға түсу жылында 31 желтоқсанғы жағдай бойынша 16 жасқа толған, ішкі істер органдарының қыметкерлеріне қойылатын талаптарға сай, оқуға және әскери қызметке денсаулығы жарамды, іскерлік, жеке және моральдық сапалы азаматтар қабылданады.
ҚР IIM-нің жоғары оқу орындарында оқу тегін. Оқу процесінде ҚР IIМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары казармада тұрады, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, стипендия алады. ҚР IМ Жоғары оқу орындарының түлектері жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жоғары оқу орындарындағы оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі және толық оқу курстарын аяқтаған жағдайда ішкі істер органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі. 2023 жылдың 1 мамырға дейін үміткерлерге іріктеу жүргізілетіндігі туралы аудан тұрғындарының назарына хабарлаймыз.
Анықтаманы мына мекен-жайлар бойынша мәлімет алуға болады. Б.Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі № 84, Жуалы ауданы полиция бөлімнің кадр саясаты тел. 2-16-13.

Аудандық полиция бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close