Basty bet

Табиғатты өрттен сақтайық!

Қазіргі күз айында өрт қауіпі өте күшті. Әсіресе, бұл кезде орман алқаптарын өрттен көздің қарашығындай сақтауға тура келеді.
Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда, ол көбінесе адамдардын өз кінәсінен болатыны анықталды. Жекелеген тұрғындардын немесе орман жұмысшыларының бұл мәселеге үнемі жіті қарай бермейтінінен болады екен. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.
Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылығының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су жолының, теміржол, автомобиль жолдарының жақындығы ескеріледі. Орман шаруашылығын өрттен қорғаудын сызбасы жасалады.
Орман өртінің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат тәрбие жұмыстардың түріне мектептерде, клубтарда, сауықтыру орындарында, туристік базаларында және басқа да бұқаралық мәдени орындарда оқылатын лекциялар, баяндамалар жатады.
Елді мекенге тақалған өртті тоқтата алмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер адамды, мүлікті және малды қалай қорғау керектігін, не істеу қажеттігін, ал қажетті жағдайда эвакуациялау туралы алдын ала хабарлайды.

Аудандық төтенше
жағдайлар бөлімі.
№7 Өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close