Basty bet

Әскери бөлімдегі оқу-жаттығу

Қызыларық ауылдық округінде орналасқан 91678 әскери бөлімінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Шараның мақсаты – адамдар көп шоғырланған нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау. Сонымен бірге, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен әскери бөлім қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру.
Оқу-жаттығу барысында Әскери бөлімнің асханасында ас әзірлеу барысында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін әскери бөлім қызметкерлерімен ғимараттан 40 адам қауіпсіз орынға көшірілді.
Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшесі жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.
Шартты өрт туындаған аумақта бір өрт сөндіру штабы және екі өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды.
Өрт сөндірушілер бір зардап шегушіні өрттен шығарып, аталған әскери бөлімнің медицина қызметіне тапсырды.
Жалпы өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Өрт сөндіру бөлімінен бір бірлік негізгі, бір бірлік арнайы техникалары, сондай-ақ бір жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімнің өрт сөндіру бөлімшесі мен аудандағы №7 Өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сондай-ақ, тиісті нұсқаулар айтылып, шара жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.

Мақпал СҮЙІНБАЙ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close