Basty bet

«Әлемді кітап арқылы танимын»

облыстық байқауда жерлестеріміз топ жарды

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты ең көп оқитын оқырмандар арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылы аталған байқау балалар ақыны Совет Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналды.
Байқауға аудандық іріктеу кезеңінде жолдама алған 12 оқырман қатысты. Қатысушылар «Мен – талантты оқырманмын!» деп аталатын кезеңінде өзін-өзі таныстырса, «Портрет галереясы» бөлімінде портреттегі ақын-жазушыларды табудан сынға түсті. Сонымен бірге, балалар жазушысы С.Әлімқұловтың шығармаларынан, оның ішінде өлеңдерін айту немесе сахналық қойылым қоюдан жарысты. Одан бөлек, «Әдеби бәйге» ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру кезеңдерден бақ сынады.
Байқау нәтижесінде ІІ орынды жерлесіміз, Теріс ауылдық кітапханасының оқырманы Камила Мұстафа иеленіп, Қосбөлтек ауылдық кітапханасының оқырманы Аршат Ниетпек дипломмен марапатталды.

Күләш ТАУБАЛДИЕВА,
аудандық орталық кітапхананың кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close