Basty bet

Футболдан жарыс өтті

Бауыржан Момышұлы ауылының орталық саябағының футбол алаңшасында «Жастар ресурстық орталығы» КММ және аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы мен «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Дені саудың – жаны сау» атты кіші футболдан аудандық турнир өткізілді.
Турнирге аудандық NEET санатындағы жұмыссыз және пробация қызметі есебінде тұрған жастардан құралған 4 құрама команда қатысты. Ойын басында төрешілер құрама командаларға ережені түсіндіріп, командаларға сәттілік тіледі. Қатысқа топ саны аз болғанына қарамастан, ойын тартысты әрі қызық өтті. Турнирдің нәтижесіне сәйкес, жүлделі ІІІ орынды «Барыс» құрама командасы жеңіп алса, “Қыран” құрама командасы турнирдің жүлделі ІІ орынына жайғасты, ал “Жуалы жастары” атты құрама командасы турнирдің жеңімпаздары атанды. Турнирді марапаттау рәсімінде Жуалы аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Қуат Манатбекұлы жеңімпаз командаларды жеңістерімен құттықтап, марапаттады. Тартысқа толы болған турнир қорытындысына сәйкес, қатысқан барлық футбол командаларының ойыншылары дипломдармен марапатталып, «Үздік төреші» номинациясымен аудандық пробация қызметінің әділет капитаны Ермұхан Иманбердиев Бауыржан Момышұлы ауылының спорт нұсқаушысы Қанат Орманов және Ақсай ауылдық округі жастар ісі жөніндегі инспекторы Мекенбай Мұратай марапатталды.

Үміт МАДИЯРБЕК,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Close