Basty bet
“Алтын сақа” ертегілер байқауы
Жуалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Алтын сақа» ертегілер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқырмандарға ертегіні суреттеп, сахналап қоя білуге, актерлік шеберлік пен сахна мәдениетін үйрету. Ертегі арқылы балаларды адамгершілік пен жақсылық жасауға, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл жарысқа ауданға қарасты ауылдық округ кітапханаларының 7-14 жас аралығындағы бүлдіршін оқырмандары қатысты. Барлығы – 17 бала.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар «Әр оқырман – бір әлем» атты бірінші кезеңде өзін –өзі таныстырып, арнайы бейнебаян дайындады. Сондай-ақ, арнайы өзін таныстыру өлеңдерін шығарып, мәнерлеп жатқа айтты. Ал, «Ерте, ерте, ертеде…» атты екінші кезеңде кез келген бір ертегіден сахналық көрініс қойды.
Қатысушылардың бірі Кәріқорған ауылдық кітапханасының оқырманы Данеля Бекжанқызы «қызыл телпек» ертегісін қойды. Ертегіге қанат бітіргендей ертегі кейіпкерлері қасқыр да, әжесі де, қызыл телпек киіп сол рөлді сомдады. Өз ертегісін қорытындылу барысында балаларға бөтен адамдармен сөйлсуге болмайды деп аяқтады.
Ал, қоңыртөбелік Әбілмансұр Естай «Ақжан батыр» ертегісін қойса, Жаңаталап ауылдық округінен келген Ақбөпе Айдосқызы «Алдар көсе» ертегісін қойды. Ол дайындаған «Алдар көсе» ертегісінде Алдар көсе Шығайбай байды ақылдылығымен жеңіп, түйесін мінеді. Қатысушылар одан бөлек, арыстан мен тышқан, жақсылық пен жамандық, құмырсқа, ара мен гүл, аю мен маса сынды ертегілерді қойды.
Әрбір ертегінің кейіпкерлерін беріле сомдаған балалардың арқасында ертегі әлеміне бір саяхаттап келгендей әсерде болдық.
Байқаудың соңғы кезеңі – марапаттау сәті.
«Алтын сақа» атты жас оқырмандар арасындағы аудандық ертегілер байқауында бас жүлдені Кәріқорған ауылдық кітапханасының оқырманы Данеля Бекжанқызы жеңіп, I орынды балалар кітапханасының оқырманы Мирас Қуанышұлы, II орынды Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Айзере Нұрәділқызы, III орынды Талапты ауылдық кітапханасының оқырманы Мұстафа Қалмұратұлы иеленді.
Жеңімпаздарды аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Біланқызы балалардың шығармашылығы мен кітапқа деген сүйіспеншілігін бағалай келе, оларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Басқа да балалардың дайындалған еңбектері еленіп, үміткерлерге де арнайы Алғысхат және сыйлықтар тапсырылды.
-Қанаттарың талмасын, жас таланттар!, – деп байқауды қорытындылады Салтанат Біланқызы.
Үміт Мадиярбек,
«Жаңа өмір»