Basty bet

Абайдың 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы Жамбыл облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып, ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды әдеби кездесу кешін өткізді.

Кештің құрметті қонағы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Әліш болды. Іс-шара барысында шекара қызметкері Қайролла Жантөре Шалқарұлы ұлттық рухты асқақтата «Адай» күйін нақышына келтіріп орындаса, Серікбай Бекжан Бағланұлы хакім Абайдың «Күз» өлеңін жатқа оқып берді. Сарбаздар рухтанып, сахнаға шығып, өз кезегінде жырдан шашу шашып, кештің көрігін қыздырды.

Әдеби басқосуда модератор қызметін атқарған ақын әрі кітапхана қызметкері Марал Хантөреқызы Абайдың жырлары, қара сөздері мен тағылымды ойларының мән-маңызын терең жеткізді. Сонымен қатар авторлық өлеңдер де оқылып, өнер сүйер қауым жыр мен күйдің құдіретін сезініп, рухани ләззат алды.

Тағлымы мол іс шараны тәрбиелік, идеологиялық  және кадрлық жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары, майор Сағадатұлы Талапжан ұйымдастырды.  Әдеби кешке Жамбыл ауданы шекара басқармасы мен Бесағаш шекара бөлімшесінің сарбаздары қатысты.

 

Таңдаулы материалдар

Close