Basty bet
QR-код туралы
Жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер QR-кодты (штрих-кодты) алуды қамтамасыз ету ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеттің веб-порталы арқылы (https://kgd.gov.kz) алуға болатынын хабарлаймыз.
Салық төлеуші QR-кодты (штрих-кодты) алу үшін порталдағы «Ақпараттық ресурстар» қосымша бетінде белсенді терезеде ЖСН/БСН, бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін енгізу, «басып шығару» батырмасын басу арқылы QR-кодты қалыптастыратынын ескертеміз.
Алынған QR-код (штрих-код) БКМ орналасқан жерлерде түрлі-түсті форматта орналастырылуы тиіс. QR-код фискалды чек берілмеген, тауарлар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартқан, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда кәсіпкерді сатып алушылармен сәйкестендіру үшін қажет.
Салық төлеуші өзінің объектісінде QR-кодты (штрих-кодты) орналастырудан бас тартқан жағдайда, бұзушылықты жою мерзімдерін көрсете отырып, заңнама нормаларын елемеген жағдайда, кәсіпкерге қол қойғызып, (хабарлама тапсыру қажет). Салық төлеуші (хабарламада) көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімдерін елемеген жағдайда ӘҚБтК-нің 288-бабының нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.
Мемлекеттік кірістер басқармасы