Basty bet
«Е-Salyq Azamat» мобильді қосымша
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар екендігін хабарлайды. Мысалы:
– активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (270.00 нысаны) жалпы декларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
– салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
– салық берешегін тексеру;
– артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
– мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
– салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
– жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді енгізу жайлы тапсырыс беру;
– жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;
– мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.
«Е-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе CALL- орталығы «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.
Мемлекеттік кірістер басқармасы