Basty bet

Барлық жұмыс ұрпақ тәрбиесіне арналады

Өткен аптада аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Аналар кеңесінің төрайымы Күлбақыт Айтқұлованың жүргізуімен жиын өтті.
К.Айтқұлова облыстық Аналар кеңесінің жұмысына арналған бас қосуда көтерілген мәселелер, жалпы ауданда атақарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жылға жасалатын жоспарға ерекше назар аударды. Яғни, “Әжемнің ертегісі” тақырыбында балабақшаларда іс-шара ұйымдастыру, жалпы алдағы барлық іс-шаралар отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі, ұлтаралық келісім мәселелерге негізделуі керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар кеңес мүшелерін “Қамқорлық” қайырымдылық дүкенінің жұмысына үлес қосуға шақырды.
Кеңес төрайымының орынбасары А.Омарова кейбір мектептерде әлі де әлімжеттік бар екенін, мұндай жағдайды болдырмау үшін әр сыныптың белсенділерімен жұмыс жасаудың маңызы, әйелдердің рухани дамуы үшін көп жұмыс жасау керектігі жайлы айтты.
Кездесуде Аналар кеңесінің мүшелері сонымен бірге жұмыстың нәтижелі, сапалы болуына баса мән беру керектігін сөз етті.

“Жаңа өмір”-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close