Basty bet

Электронды түрде тапсырылатын статистикалық есептер түсіндірілді

Аудандық статистика басқармасының басшысы Ерлан Тыныбеков Қызыларық ауылдық округіндегі шаруа қожалық жетекшілері және жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Жиынды Қызыларық ауылдық округінің әкімі Ермұхамед Сүгірбеков ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселе – электронды түрде тапсырылатын статистикалық есептер бойынша аудандық статистика басқармасының басшысы Е.Тыныбеков баяндама жасады.
Ол өз сөзінде әкімшіліктің қоғамдық бұрышы арқылы практикалық түрде көрсетіп, әр сала бойынша тапсырылатын есептер туралы кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында шаруа қожалық жетекшілері атынан жергілікті қоғамдастықтың төрағасы Жарқын Қалтаев сөз алып, аталған кездесудің шаруа қожалық жетекшілеріне және жеке кәсіпкерлерге өте тиімді болғанын, әр шаруа немесе кәсіпкер интернет желісі арқылы өз есептерін үйден шықпай-ақ тапсыруға болатынын және уақыт үнемдеуге көп көмегі тигенін айтты.
Кездесуді ауылдық округтің әкімі Е.Сүгірбеков қорытындылады.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close