Basty bet
Сотқа дейін татуласу – дауды шешудің тиімді жолы
Қоғамда адамдар арасында түрлі даулар мен келіспеушіліктер жиі кездеседі. Мұндай жағдайда көпшілік мәселені сот арқылы шешуге тырысады. Алайда дауды сотқа жеткізбей-ақ, өзара келісімге келу арқылы шешудің де тиімді жолдары бар. Бұл сотқа дейін татуласу деп аталады.
Сотқа дейін татуласу – тараптардың өзара түсіністікке келіп, дауды бейбіт жолмен шешуі. Мұндай тәсіл екі жаққа да уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынастың сақталуына ықпал етеді.
Татуласу барысында тараптар өз талаптары мен ұсыныстарын талқылап, ортақ шешім табуға тырысады. Кей жағдайларда Билердің көмегіне жүгінуге болады. Аудандағы Билер – дауласушы тараптарға келісімге келуге көмектесетін бейтарап тұлға.
Сотқа дейін татуласудың артықшылықтары көп. Біріншіден, дау тезірек шешіледі. Екіншіден, сот шығындары азаяды. Үшіншіден, тараптар өзара сыйластықты сақтап қалады. Сондықтан көптеген елдерде дауларды бейбіт жолмен реттеу кеңінен қолданылады.
Қорытындылай келе, сотқа дейін татуласу – дауды шешудің тиімді әрі өркениетті жолы. Ол адамдардың уақытын үнемдеп қана қоймай, қоғамдағы татулық пен өзара түсіністіктің нығаюына септігін тигізеді.
2026 жылдың бес айында Жуалы аудандық сотында азаматтардан қарызды өнідіріп алу туралы (Банктер мен қаржы ұйымдардың несие қарызын өндіру туралы талап арыздары) даулары бойынша қаралған 594 азаматтық істің 113 медиациямен яғни 19% пайызы татуласумен тоқтатылған. Атап айтқанда, екі тарапқа татуласумен дауды шешу өте тиімді, яғни бірінші жақ яғни банк қарызгерден қарызды қайтару үшін жеңілдікке барады ал екінші яғни қарызгер келісілген мерзімде қарызын өтеуге келіседі.
Қарызды өндіру туралы азаматтар арасында да болады, олар да сотта көбісі медиациямен тоқтатылады, алайда осы дауларды сотқа дейін де шешуге болады, яғни Билерді араға татуластырушы ретінде қатыстыруға болады.
Ауданда билердің абыройы жоғарылауда. Аудан тұрғындары тарапынан дауларды билердің көмегімен сотқа жеткізбей тоқтату көрсеткіштері жоғарылауда. Даулардың ішінде көбінесе жер дауы, қарызды өндіру, отбасы-тұрмыстық даулар, неке бұзу даулары, материалдық шығынды өндіру т.б. бойынша азаматтар татуласып бір-біріне деген дау талаптарынан бас тартуда.
2026 жылдың 5 айында, аудандық сотта қаралған 30 қылмыстық істің біреуі билердің қатысуымен татуласумен тоқтатылған, қаралған 214 әкімшілік құқықбұзушылық іс бойынша 26 іс билердің қатысуымен татуласумен тоқтатылған.
Дауласушы жақтардың ең бірінші мақсаты – дауды өздеріне тиімді түрде шешу, бітімгершілік пен татуласу келісімдері осының жолын көрсете алады. Ал Билер болса осы мәселеде қол ұшын беруге күнделікті дайындығын көрсетуде.
Атам заманнан билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын, әділ шешімдерімен елді аузына қаратып, дауласқан екі тараптыӊ да көӊілінен шығатын жүйелі билігімен ел құрметіне бөленгендігін айту қажет.
Қазіргі таңда аудан бойынша билер кеңесінің 44 мүшесі бар, әр ауылдық округта 2-3 биден тіркелген. Азаматтар өзінің дауларын билер арқылы сотқа дейін шешіп, екі жақты бітімге келулеріне ыңғайлы болуы үшін ауылдық округ әкімдіктерінен билерге жұмыс жасайтын арнайы бөлмелер қарастырылған.