Basty bet

Қайырымдылық жасау – сауапты іс

15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай, «Жақсылық жасап жарысайық!» ұранымен мектепте бірнеше іс-шара өткізілді.
Ең қуанышты жаңалығымыз – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Наурыз мерекесіне орай, «Жаздық жолдама-2024» атты балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында берілген сертификатын Б.Момышұлы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Дәуренов мектеп басшысы Мұхамеджан Пернеқұлұлына табыс етті.
Сонымен қатар әлеуметтік педагог М.Қойбақованың ұйымдастыруымен мектеп ұжымы да бұл күнгі игі іске белсене атсалысып, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына «Наурыз құтты болсын!» атты азық-түлікпен толтырылған қораптар таратты.
Мектептің әлеуметтік педагогы мен мектеп аспазы балаларға арнап мерекелік дастарқан жайды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп айтылғандай, шарапаты мол, берері көп игі істер көбейе берсін!

Жұлдыз Рысбек,
№29 М.Жұмабаев атындағы орта мектептің өзін-өзі басқару ұйымының президенті,
10 «Ә» сынып оқушысы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close