Basty bet

Өрт-тактикалық сабағы жүргізілді

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналаған өрт-тактикалық есептерін шешу кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні №27 Диқан орта мектебінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өрт-тактикалық сабақ өткізілді.
Аталған мектеп өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген білім беру нысандарының бірі. Онда 207 оқушы, 38 мұғалім қызмет атқаруда. Мектеп ғимараты үш қабаттан тұрады.
Мектеп қызметкерлеріне ғимараттан 102 бала 20 мұғалімді алып шығару үшін екі минуттан аз уақыт қажет болды. Осы уақыт аралығында келген өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері адамдарды құтқару және өртті сөндіру іс-әрекеттеріне кірісті.
Өрт-тактикалық сабағы барысында өрт сөндірушілер дағдыларын жетілдіреді, мектеп қызметкерлерін өрт қаупі бар жағдайға үйретеді. Жедел топтарының жаттығуы мен ауданның тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту маңызды рөл атқарады.
Сабаққа жеті адам және бір техника жұмылдырылды. Атап айтар болсақ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен бір қызметкер, №7 Өрт сөндіру бөлімінен бір өрт сөндіру автокөлігінің құрамында алты қызметкер қатысты.
Шара соңында, аталған бөлім бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Берік Каипов өрт-тактикалық сабағын оң баға беріп, жедел құрылымдардың тиімділігін атап өтті.

Аудандық №7 Өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close