Basty bet

Жуалы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

2023 жылғы 16 қаңтарда сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Aitube платформасында онлайн режимде жетінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, отыз жетінші сессиясы өтеді.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1. Округтік сайлау комиссияларының құрамдары туралы.
2. Жуалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі №24-6 «Жуалы аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттан тыс бірліктерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Жуалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 05 желтоқсандағы №33-6 «Әкімдердің 2023 жылғы халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесін келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2023 жылғы 16 қаңтарда сағат 09-30-да өтеді.

Аудандық мәслихат аппараты

Таңдаулы материалдар

Close