Basty bet
Жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша
2023 жылы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерде қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 мың 450 теңге көлемін құрайтыны туралы хабарлаймыз (2022 жылғы 1 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң).
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 615-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж:
-Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, жол жүру құжаты – 27 мың 600 теңге (8 АЕК);
-Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты – 690 теңге (0,2 АЕК) құралатынын барлық аумақтық көші-қон құрылымдарына жеткізілсін.
Мемлекеттік бажды төлеу немесе жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді талап ететін:
– «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» – 3 мың 450 теңге (1 АЕК);
-«Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» – 13 мың 800 теңге (4 АЕК);
– «Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» – 1 мың 725 теңге (0,5 АЕК);
-«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» – 3 мың 450 теңге (1 МРП) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде АЕК мөлшері өзгергенін ескеру қажет!
Халыққа қызмет көрсету бөлімі