Basty bet

Судағы қауіпсіздік жұмыстары жалғасуда

Жуалы ауданы ТЖ бөлімі, №7 ӨСБ қызметкерлері және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Көкбастау ауылдық округі аумағындағы өзенінің және Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында тыйым салынған жерлеріне және суға түсуге арналмаған орындарға қауіптілік туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша күнделікті рейдттік жұмыстарын жүргізуде.
Алайда тұрғындардың бұл ескертулерге бей-жай қарауына байланысты 2025 жылы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында 2 адам суға батып қаза болды.
ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығы туралы ескертеді, яғни судағы демалу қайғылы оқиғамен аяқталмауын ескеру қажет. Ыстық күндері судағы жиі болатын қайғылы оқиғалардың себебі, ол мұздай суға бірден кіру, мас күйінде жүзу және өз күшін асыра бағалау болып табылады. ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына және қонақтарын табиғатта демала отырып барлық сақтық шарасын сақтап, мұқият болуды нұсқайды. Қырағы болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Қарапайым аңғалсыздық қайғылы оқиғалардың болуына әкеліп соғады. ТЖ туындаған жағдайда Бірыңғай құтқару қызметінің – «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.

Жуалы ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close