Basty bet
Этнос өкілдерімен атқарылатын жұмыстар жүйелі
Этнос өкілдерінен тұрақтылық пен татулықты, өзара сыйластықты, мемлекеттік тілге деген ерекше құрметтерін көруге болады.
Жуалы ауданында барлығы 3 484 этнос азаматтары құраса, оның 950-і жастар, ерлері 490, әйелдері 460 жас, 14-29 жас аралығындағысы 281 болса, 18-29 жас аралығындағы жастар – 669.
№16 Жуалы колледжінде 76 жас білімгерлер білім алуда. Оның ішінде, 20 әзірбайжан, 38 орыс, 10 шешен, 8 татар ұлтынан.
2022 жылдың қараша айында «Бастау бизнес» бойынша 8 азамат грант алған, NEET санатындағы 5 этнос жастарымен адрестік жұмыстардың нәтижесінде 8 жас «Жасыл Ел», «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 12 жас жұмысқа орналастырылды.
Ауданда төрт этномәдени бірлестік бар. Бірлестік жетекшілері төрайымдары мен төрағалары үздіксіз жұмыстартар атқаруда. Мәселен, «Мехрибан» әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің төрайымы – Эсмира Мамедова, «Вайнах» шешенэтно-мәдени бірлестігінің төрағасы Лечи Оздамиров, «Бахор» өзбек ұлттық орталығының төрайымы Зувайда Мажитова, «Славян» орыс этно-мәдени бірлестік төрайымы Ирина Протасова ауданымызда этносаралық жұмыстардың жүзеге асырылуы аясында өзіндік үлестерін қосуда.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің этно-мәдени бірлестіктермен жұмысты үйлестіруші инспекторы Эльмира Сүйінбаева «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бірлікті ел бұзылмас!», «Алғыс айтамыз, Қазақ еліне!», «Алғыс айту – парызым!», «Ана тілін құрметтеу – өз еліңді құрметтеу», «Жастар ұлттар бірлігінің ұйытқысы», «Қазақстан – татулық пен бірліктің мекені», «Қыздар сұлу көрінер өнерімен», «Бірлігіміз жарасқан», «Тіл – әр халықтың байлығы», «Күшіміз бірлікте», «Тарихымыздың беттері», «Бірлігіміз жарасқан», «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыптарында этнос өкілдерімен кездесулер, сурет салу байқаулары, жастармен экскурция өткізілді.
Сонымен қатар, «Халықтың қуаты – бірлікте!», «Профи-2022» атты облыстық байқаулары және этнос жастарымен түрлі бағытта кездесу, 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Ынтымақ – достық кепілі!» атты этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен мерекелік шара ұйымдастырды. Сондай-ақ «Бір шаңырақ астында!» атты жастар фестивалі, «Дені саудың – жаны сау» атты пробация есебіндегі жастар арасындағы футболдан аудандық турнирі, «Бақытты отбасы – ел тірегі» атты жас этнос өкілдерінің отбасыларымен кездесу, «Таңдаған кәсіп – өмір бойғы нәсіп» атты этнос өкілдері қыздарымен экскурсия, дөңгелек үстел отырысы, көрме, қолөнер, сурет салу байқаулары және кіші футбол турнирі өткізілді.
Эльмира МҰХИТҚЫЗЫ,
аудандық “Жастар ресурстық орталығының” этно-мәдени
бірлестіктер жұмысын үйлестіруші инспекторы