Basty bet

Ел өмірін жаңашылдыққа бастайды

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысты. Ел Президентінің Сенат отырысында сөйлеген әр сөзіне терең мән беріп, оны телеарнадан аса ыждаһаттылықпен тыңдап отырдым.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы отырыста еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын және былтыр конституциялық реформаның қолға алынғанын, сонымен бірге, саяси өзгерістер мен жаңа жүйенің елді жаңашылдыққа бастайтыны жайында кеңінен әңгіме қозғады.
«Депутаттардың жартысына жуығы жаңарды. Мұнда әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді. Осылайша, Сенатта түрлі санаттағы қоғам өкілдері барынша қамтылды. Жалпы, бұл Палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған»,- деді ел Президенті.
Саяси жүйедегі ауқымды өзгерістер халықтың көңілінен шығып отырғаны даусыз. Сондықтан, елді жаңашылдыққа, жаңғыруға бастайтын өзгерістерді халық болып қолдауымыз қажет.

Эсмира МАМЕДОВА,
«Мехрибан» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close