Basty bet

Құқықтық сауаттылықты арттыру қажет

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнгей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқасымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық, деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.
Мемлекет пен кейбір шенеуніктердің атқаратын қызметін заң жүзінде нақты айқындау, қабылданатын шешімдер кейбір адамдардың еркіне тәуелді болатын салаларды азайту. Басқаша айтқанда, заңнамалардың анықтығы, қарапайымдығы мен тұрақтылығы қажет, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар туғызу, халықтың білім деңгейін, оның ішінде құқықтық сауаттылығын арттыру керек. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында көптеген мемлекеттік қызметтер цифрландырылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет.
Қай сала болсын денсаулық сақтау, білім, ауылшаруашылығы, жол, құрылыс сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қабылданған бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық актілер халыққа қарапайым, ашық түсіндіріп, қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне әр азамат, қоғам болып қарсы тұрсақ өз нәтижесін берері анық, мемлекетіміз нөлдік төзімділік қағидатын ұстанып отырғаны баршамызға белгілі. Сыбайлас жемқорлықпен тек мемлекеттік қызметшілер ғана жұмыс жүргізбей, барлық салада жұмыс жүретін болса, нөлдік төзімділік қалыптасар еді. Азаматтарымыздың Заңды білуі маңызды, себебі көп жағдайлар оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністері осы Заң білмегендіктен болып жатады. Кез келген мемлекеттік көмектер мен жеңілдіктерді алу барысы арнайы заңнама немесе нормативтік- құқықтық актілерде нақты көрсетіледі, сол заңнаманы біліп белгілі бір қызметкерге жолықпай электронды тапсыруды жүзеге асыруы қажет.

Нұрлан Көпбаев,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close