Basty bet

Діни экстремизмнің алдын алу

Жуырда Б.Момышұлы ауылында №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу» орталығы КММ-ның ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы және «Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің инспектор-теологы Рамазан Әбделиев, Б.Момышұлы ауылы жастар ісі инспекторы Қ.Қонысбай, мектеп директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғалымжан Аташбек, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Досжан Байдалиев жастарға діни экстремизм бойынша жан-жақты түсіндірді.
Шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, шет елде діни білім алу мүмкіндіктері және өз елін, жерін құрметтеуге, мейірбандылыққа, иманды, білімді, сауатты болуға шақыру.
Алғашқы сөзді Рамазан Әбделиев алып, жастарға Жаратушының берген өміріне барынша қадірлі, дұрыс құрметпен қарауға шақыру, аманатқа қиянат жасамау, Ислам дінінің шарттары бойынша және сауатты мамандардан білім алу жолдары туралы қысқаша мәлімет беріп өтті.
Д.Байдалиев мектеп оқушылары арасында тыйым салынған сайттарға кірмеу керектігін, түнгі уақытта себепсізден себепсіз жүрмеу керектігі, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары туралы түсіндірді.
Мектеп оқушылары тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.

Эльмира СҮЙІНБАЕВА,
аудандық “Жастар ресурстық орталығының” қызметкері

Таңдаулы материалдар

Close