Basty bet

Сарыптың алдын алайық!

Соңғы жылдары ауданымызда сарып ауруымен ауырғандар саны біртіндеп азаюда. Нақтырақ айтар болсақ, сарып ауруына 2022 жылдың 12 айында 14 жіті сарып (оның ішінде 14 жасқа толмаған 1 бала тіркелді) тіркелген, 100 мың халыққа шаққанда көрсеткіші – 26,4%. 2021жылдың 12 айында зертханалық сараптама бойынша 5 жіті сарып (оның ішінде 14 жасқа толмаған 1 бала) тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші – 9,4 %. 2021 жылмен салыстырғанда жіті сарып ауруы , 9 жағдайға жоғарылады.
Сарып – жұқпалы ауру. Сырқатты таратушы осы дертпен ауыратын мал (қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа). Сарып ауруы малға күтім жасаған адамға, әсіресе мал төлдеген уақытта, ауру малдың етін мен сүтін тамаққа пайдалағанда, терісімен, жүнімен жұмыс істегенде жұғады. Бруцеллалар ауру малдың бауырында, желінінде, сүйек майында көп кездеседі. Қолды жумай тамақ ішу, ауру мал бар қорада темекі тарту, қолға қолғап кимей қой қырқу, жүн түту, тері өңдеу – қауіпті болып саналады. Балалар мал қораларында немесе оның жанында жалаң аяқ жүруге болмайды, себебі Бруцеллалар тері арқылы, әсіресе терісі сыдырылған жерлері арқылы тез жұғады. Соңғы жылдары жекеменшігінде ауру малдары бар кісілер және тиісті сақтану шараларын сақтамайтын адамдардың ауруы көп кездеседі. Сондай-ақ, ауру малдың сүтінен, етінен жасалған түрлі тағамдар арқылы ауру жұқтырған қала тұрғындарымен жасөспірім балалардың арасындағы сарып ауруы күрт өсті. Аурудың алғашқы белгілері; Жедел сарып ауру басталғанда дене қызуы 39-40С-қа дейін көтерілгеніне қарамастан науқастың жалпы жағдайы нашарламайды. Қызбамен қатар науқас адам қатты терлейді, буын-буындары ауырып, сүйектері сырқырайды. Ұйқысы бұзылып, басы ауырады. Сарыптың алдын алу шаралары: барлық жекеменшік және қоғамдық малдарды ветеринарлық тексеруден өткізу керек, мал шаруашылығында адамдар мал төлдету науқанына дейін дәрігерлік тексеруден өту керек. Мал сатып аларда малдың денсаулығы туралы куәлікті талап ету керек, піспеген сүт және сүт тағамдарын ішпеу керек, көшеден, базардан мал дәрігерлік анықтамасыз ет, сүт өнімдерін сатып алмаңыз.

Назипа Әзімбекова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close