Basty bet

Ұстаз болғым келеді!

Болашақ бүгіннен басталады. Мені қазірден бастап болашақта кім болғым келеді, мамандықты қалай дұрыс таңдаймын деген сұрақтар мазалайды. Бірақ, мен кішкентай кезімнен бастап мұғалім болғым келетінін іштей сеземін.
Ұстаздық – есімі шәкірттерінің мәңгі есінде сақталатын, әлемдегі ең жақсы мамандықтардың бірі. Мұғалім болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Оған көптеген жақсы қасиеттердің керек екені анық.
Мұғалім мамандығын таңдаған адамның тұла бойынан үлкен жауапкершілік, ұстамдылық, парасаттылық және ізгілік секілді ізгі қасиеттер табылуы керек деп ойлаймын. Осындай биік жауапкершілікті сезіне білген адам ғана жақсы ұстаз бола алады. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, дұрыс жол көрсететін тұлға, ол әрине – ұстаз. Кез келген мамандықтың иесі ұстаздан білім мен тәлім-тәрбие алып, болашаққа жол табады.
Біздің өмір сүріп жатқан қоғамда барлық мамандықтың түрі жақсы. Ең бастысы, сол мамандықты өз жүрегіңнің қалауымен таңдай білу өте маңызды. Жақсы маман болу үшін ең алдымен жақсы оқу керек. Тәртіп, жауапкершілік мәселесін де басты орынға қойған абзал.
Өмірде мамандық таңдаудан қателеспеу керек. Қандай мамандық таңдасаңыз да, оған махаббатпен, сүйіспеншілікпен және асқан жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Мен мектепте тәлім-тәрбие берген өз ұстаздарымды жақсы көремін. Ұлағатты ұстаздарыма еліктеп, болашақта жақсы шәкірттер тәрбиелейтін мұғалім болғым келеді!
Гүлсана ЖАҚСЫБЕК,
№23 Алатау орта мектебінің
7 сынып оқушысы.
Алатау ауылы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close