Basty bet

Қоқысты өртегені үшін айыппұл салынады

Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу-қаланың жеке секторларында кең таралған тәжірибе. Алайда, тұрмыстық қоқыстардан, құрғақ бұтақтардан, жапырақтар мен шөптерден құтылудың бұл әдісі қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді және қауіп төндіреді. Мұндай тәжірибелер  ерекше ауыр зардаптармен қатар орман өрттеріне және бірден бірнеше үйлер мен ғимараттардың жоғалуына әкелуі мүмкін.

Қоқысты өртегені үшін айыппұлдар негізінен құрғақ шөптерді, бұтақтарды немесе басқа қоқыстарды өртеуге тырысқан кезде өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтамай бұзумен байланысты. Әкімшілік кодекстің 336-бабына сәйкес қоқысты жинау немесе жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін жаза көзделген. Бұл үшін айыппұл салынады:

Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК немесе 73 840 теңге;

Лауазымды тұлғалар үшін 50 АЕК немесе 184 600 теңге;

Шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге;

Орта бизнес үшін 300 АЕК немесе 1 107 600 теңге;

Ірі бизнес үшін 500 АЕК немесе 1 846 000 теңге.

Жуалы ауданының ТЖБ аудан тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.

 

Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ.

Таңдаулы материалдар

Close