Basty bet

Тұрғындар үшін пайдалы кездесу

Бүгінгі таңда елімізде дін мәселесі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Себебі, қаншама бауырларымыз, яғни әпкелеріміз, іні, қарындастарымыз жат діни ағымдарға сенім жасап, адасып жүрген жайы бар. Осыған орай аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру» қызметін көрсету атты әлеуметтік жобасының аясында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы, Теріс, Көлбастау және Қызыларық ауылдарында «Дін және қоғам» атты кездесу мен семинар өткізілді.
Деструктивті дін жайлы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатындағы шараларға аталған ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты мен NЕЕТ санатындағы жастар қатысты.
Кездесуге облысымызға белгілі дінтанушы, “Әбдіқадыр” мешітінің имамы Дәурен Құттыбаевты шақырдық. Ол жат діни ағымдар жайлы қысқа да нұсқа тоқталып ауыл жастары, ауыл тұрғындарына жат діни ағымдардың белгілерін, ұстанатын бағытын ескертті.
Әрбір кездесудің соңында тұрғындар имамға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу тұрғындар үшін пайдалы болды.

Абзал Мұқатаев,
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының президенті

Таңдаулы материалдар

Close