Basty bet

Шөп ору науқанындағы техникалардың өрт қауіпсіздігін сақтау

Шөп ору және мал азығын дайындау кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау егістік пен шабындық алқаптарды, техниканы және адамдардың өмірін қорғауға мүмкіндік береді. Негізгі Талаптар

– Барлық тракторлар, комбайндар және өзге де техникалар жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс.

– Әр техникада кемінде бір немесе бірнеше жарамды өрт сөндіргіш, күрек және басқа да алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы қажет.

– Қозғалтқыштың, электр сымдарының және жанармай жүйесінің техникалық жағдайы тұрақты тексерілуі керек.

– Қозғалтқыш пен шығару жүйесінде шөптің, сабанның және май қалдықтарының жиналуына жол бермеу қажет.

– Техниканы жанармаймен толтыру қозғалтқыш өшірілген кезде жүргізіледі.

– Жанармай құю кезінде темекі шегуге және ашық от қолдануға тыйым салынады.

Жұмыс барысында

– Құрғақ шөп пен өсімдік қалдықтары жиналған жерлерде техниканың қызып кетуіне жол бермеу керек.

– Өрт қаупі жоғары кезеңдерде алқаптарды бақылау күшейтілуі тиіс.

– Техниканың астын және қозғалтқыш бөлігін шөп қалдықтарынан жүйелі түрде тазалау қажет.

– Алқапта ашық от жағуға, қоқыс өртеуге және темекі тұқылын тастауға болмайды.

Өрт шыққан жағдайда

– Жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге шығару қажет.

– Өрт сөндіргіштерді және қолда бар құралдарды пайдаланып, өртті бастапқы кезеңде сөндіруге әрекет жасау керек.

– Өрттің таралу қаупі болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.

– Техниканы және жанғыш материалдарды өрт ошағынан мүмкіндігінше алыстату керек.

 

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау шөп ору науқанын қауіпсіз өткізуге және материалдық шығындардың алдын алуға көмектеседі!

 

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close