Basty bet

Статистиканың нақты деректері – тиімді жоспарлау мен дұрыс шешімдердің негізі

Жуалы ауданында статистикалық есептілік әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Статистикалық деректер ауданның қазіргі жағдайын бағалап қана қоймай, оның одан әрі даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Халық саны мен демографиялық өзгерістер, жұмыспен қамту деңгейі, ауыл шаруашылығының дамуы, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі, сауда, құрылыс, өнеркәсіп өндірісі және басқа да маңызды салалар бойынша жиналатын мәліметтер ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты талдауға негіз болады.
Осыған байланысты статистикалық есептілікті уақытылы және сапалы ұсыну – әрбір есеп беруші субъектінің маңызды міндеті. Сапалы әрі уақытылы ұсынылған деректер статистикалық көрсеткіштердің дұрыстығын қамтамасыз етіп, жүргізілетін талдаудың сапасын арттырады.
Нақты статистикалық ақпарат әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеуде, бюджет қаражатын тиімді жоспарлауда, жаңа жобаларды іске асыруда және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды айқындауда ерекше маңызға ие.
Сондықтан статистикалық есептілікті уақытылы ұсыну – жай ғана талап емес, ауданның нақты жағдайын бағалауға және оның одан әрі дамуына қосылатын маңызды үлес.
Статистикалық есептіліктерді он-лайн режимінде электронды түрде тапсыру «Респонденттер кабинеті» арқылы https://cabinet.stat.gov.kz сілтемесі бойынша жүзеге асырылады. Есептерді online режимде тапсыру жөніндегі нұсқаулық Бюроның www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында ашық түрде орналастырылған.
Жуалы аудандық статистика басқармасы күтпеген жағдайлардың алдын алу мақсатында алдын ала электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) мерзімін тексеріп, есептілікті ұсыну мерзіміне дейін тапсыруыңызды ұсынады. Жұмыс көлемі немесе әрекетсіздігі болмаған жағдайда міндетті түрде «Қызметтің болмағаны туралы хабарлама» тапсырылады.
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға әкеп соғатындығын түсіндіреді.
Құрметті респондент Сіздерді cтатистикалық есептілікті белгіленген мерзімде тапсыруға, нысандардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз
Статистикалық нысандарға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша Бюроның бірыңғай байланыс орталығына 1446 (Қазақстан бойынша тегін) /9.00-18.30/ нөмеріне және Telegram-bot:@statgovkz_bot арқылы хабарласуға болады.

Жуалы аудандық
статистика басқармасы

Таңдаулы материалдар

Close