Basty bet
Су тасқыны кезінде ауызсудың сапасы мен инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары
Аудан аумағында су тасқынының ықтимал төтенше жағдайына және қардың қалың түсіп, елді мекендерді су басу ықтималдылығына, еріген судың сумен жабдықтау көздеріне химиялық, органикалық және биологиялық ластануының мүмкін екендігіне байланысты су сапасы уақытша маусымдық жағдайда нашарлауы мүмкін.
Халық орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріндегі судан басқа, орталықтандырылмаған көздерден – бұлақтардан және құдықтардан суды пайдаланады. Бұлақтар мен құдықтар эпидемиологиялық тұрғыдан сенімсіз. Өйткені мұндай көздердің сапасы негізінен, сулы қабаттың бетіне жақын орналасқан қабаттың жағдайына, көбінесе жыл мезгіліне, су көзіне және іргелес аумақтың санитариялық жағдайына байланысты болады. Бұлақтардың суы химиялық және микробиологиялық ластанудан қорғалмайды. Су тасқыны кезеңінде және қар еріген кезде олардағы су әртүрлі қоспалармен, соның ішінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен ластануы мүмкін. Бұл, ең алдымен, іш сүзегі, дизентерия, вирустық этиологияның жедел ішек инфекциясы, А вирустық гепатиті сияқты жұқпалы ауруларға қатысты. Сапасыз суды ішу және тұрмыстық мақсаттар үшін қолданудың салдары қолданғаннан кейін бірден пайда болмайды, сондықтан жедел ішек инфекциясы аурулары 3-7 күн ішінде дамиды. Жедел А вирустық гепатиті ауруының клиникасы инфекциядан кейін бір айдан кейін және одан да ұзақ уақыт пайда болуы мүмкін.
Су тасқынының алдында және су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халыққа келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтау қажеттігін ескертеміз:
– қар ерігеннен кейін аумақты жиналған қоқыстан тазарту, қазылған шұңқырлар мен ауладағы дәретханаларды тазалау және зарарсыздандыру;
– су құбыры және кәріз құдықтарын қақпақтармен жабу, ақаусыз және таза ұстау;
– су мен тамақ өнімдерін жабық ыдыстарда сақтау;
– бөтелкеге құйылған судың, жарамдылық мерзімі ұзартылған тамақ өнімдерінің қоры болуы, оларды су басу маусымында су тимейтін жерлерде мүмкіндігінше жоғары орналастыру;
– су басқан жерлерде ұңғымалар мен бұлақтардан су қолданбау;
– ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;
– көкөністер мен жемістерді шикі түрінде қолданған оларды сумен (бөтелкеленген немесе қайнатылған) мұқият жуып, қайнаған сумен шаю;
– аурудың алғашқы белгілері болса өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Гигиеналық ережелерді сақтау – Сізді көптеген аурулардан қорғайды!
Шолпан Мешелова,
санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы