Basty bet

Құтқарушы – сұранысқа ие мамандық

Мамандық таңдау – маңызды мәселе. Себебі, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық.
Шындығына келер болсақ, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды деген ой қалыптасқан десекте болады. Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? “Түйір нан – тамшы тер” демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу-білім алу, көп тер төгу, мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет .
Бүгінгі таңда ең қажетті мамандықтардың бірі – «Өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» мамандығы болып табылады. Осы салада білікті мамандардың керек екені рас. Бұл мамандық бойынша елімізде жалғыз оқу орны бар. Ол – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы.
Осыған орай, 2023 жылдың 9 ақпан күні Азаматтық қорғау Академиясының IV курс курсанты Анарбек Нұрболат Сарсенғалиұлы Диқан ауылында орналасқан №27 Диқан орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға шақыру бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Нұрболат Анарбек,
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының курсанты

Таңдаулы материалдар

Close