Basty bet

Аудан тұрғындарының назарына!

Ауа райының болжамына сәйкес ақпан айының екінші онкүндігінде қардың қарқынды еруі күтіледі. Жаңбыр және бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температура фонының жоғарылауына байланысты дауылды ескерту жариялады, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.
Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ақпан және наурыз айларында ауа температурасының күрт көтерілуі және қатты жаңбыр салдарынан еріген жаңбырлы су тасқыны болуы мүмкін. Осыған орай ауданда су тасқынының алдын алу бойынша дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл шара Нұрлыкент және Қарасаз ауылдық округтерінде қарқынды жүргізілуде.

Құрметті аудан тұрғындары мен мекеме басшылары!
Сіздерден, жеке тұрғын үйлеріңіздің аулаларын, арықтарды, көпірлерді қардан, мұздан тазартып, қардың қарқынды еру салдарынан және жауын-шашынның суынан болатын қауіпке бей-жай қарамауларыңызды сұранамыз.

Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close