Basty bet

Офицер – Қаһарман мамандық

Тәуелсіз елдің қорғаны да мықты болуы керек. Қарулы күштерде қызмет өткеру әлемді көру, әлемнің әр тарабындағы оқу орындарында әскери білім деңгейін жоғарылату мүмкіндігін береді. Аталған оқу орындарына іріктеу жұмысы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында әскери-оқу орнына орта мектепті бітірген 17-21 жас аралығындағы, яғни әскери қызметті атқарып жатқан немесе әскерден оралған үміткер азаматтар қабылданады;
Үміткерлерді кәсіби іріктеу жеке, психологиялық сапасы, денсаулық жағдайы, дене шымырлығы, жалпы білім деңгейі (ҰБТ тапсыру арқылы) жан-жақты бағалау жолымен жүргізіледі.
ҰБТ-ның 5 пәні бойынша немесе талапкерлердің кешенді тестілеуінен (КТ) 50 балдан төмен болмауы керек.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына 2021 жылғы жоғары әскери оқу орындары – ҚР ҚМ құрлық әскерлері әскери институты, ҚР ҚМ радиоэлектроника және байланыс әскери- инженерлік институты, ҚР ҚМ әуе қорғаныс күштері әскери институты, ҚР ҚМ Кадет корпусы әскери оқу орындарына түсуге үміткерлер Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласуына болады.
Б.Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі № 94, тел: 2-13-53.

Е.Маналиев,
аудандық қорғаныс бөлімінің инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close