Basty bet
«Заңсыз қару сақтағаны үшін айыппұл тағылды»
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 482-б. 1-б. (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы қаруды заңсыз сақтау) бойынша О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен, 2023 жылдың 27 наурызында Қосбөлтек ауылында азамат О. ішкі істер органына тіркелмеген рұқсат құжаттары жоқ тегіс ұңғылы 16-калибрлі, ИЖ-К маркалы, № Е-98388 аңшы қаруын заңсыз сақтаған.
Айта кеткен жөн, көктемгі кезде аңшылық маусымы басталғалы аудан тұрғындары арасында тіркелмеген рұқсат құжаттары жоқ қаруларды тексеру жүргізілуі барысында аталған әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталуда. Бұл өз кезегінде жауапкершілікке әкелетіні анық.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен О. ӘҚБтК-нің 482-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, жоғарыда аталған қаруы тәркіленіп, 69 000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Нұржан Манасұлы,
«Жаңа өмір»