Basty bet

Жолда жүру ережесі

Жолда жүру ережесімен балалар мектепке не балабақшаға алғаш келген сәтінен бастап таныстырылады. Себебі, жолда жүру ережесін сақтау өте маңызды. Әсіресе балалар жолдан өткенде абай болуы қажет. Жолда жүру ережелері балаларға мектеп жасынан түсіндірілгені дұрыс.
Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйіткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді.
Осыған орай, №26 Жаңаталап орта мектебінде де оқушыларға үнемі жол ережесі туралы іс-шаралар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
1-8 сыныптар аралығында сынып жетекшілер «Жол ережесін есте сақта!», «Жол тәртібін сақтаймыз!», «Жол ережесін білу – бәріне міндет!» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Шараға жол патрульдік полициясы қызметкерлері шақырылып, олармен кездесулер ұйымдастырылды. Олар оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырып, түрлі сұрақтарға жауап берді.
Мектеп дәлізінде «Мектепке барар қауіпсіз жол!» тақырыбында бұрыш жасалынды. Бұрышта көрсетілген жол белгілері оқушыларға таныстырылды. Технология пәнінің мұғалімдері 1-4 сынып оқушылары арасында «Жол жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Мектеп медбикесі «Абайла! Тоқта! Сақтан!» атты бала травматизмінің төмендеуіне бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді. Сонымен қатар, 5-8 сыныптар арасында «Жол ережесін сақтаймыз, үнемі есте ұстаймыз!» тақырыбында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Жоспарға сәйкес, үнемі іс-шаралар өткізіліп, жалғасын табуда.
Оқушыларға айтарым, қай жерде жүрсе де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Мадина НОХАЕВА,
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close