Basty bet
Бірқатар шешімдер қабылданды
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа төрағалық еткен қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшылары Қалима Мықтыбекова, Қайрат Жатқанбаев хабарлама жасап, ұсыныстарына оң қорытынды беруді ұсынды.
Жиын барысында сұрақтар қойылып, пікірлер ұсынылды, нәтижесінде төмендегідей шешімдер қабылданды:
Аудандық қоғамдық кеңестің шешімі:
1.Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің 2023 жылғы 25 сәуірінде №8-220 ұсыныс хаты негізінде «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-2 шешіміне өзгерістер енгізуге оң ұсынылым берілсін.
2. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-5 «Құқықтық актілер туралы» Заңының 33-1 бабына сәйкес, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы бойынша 2023 жылға арналған кондоминимум объектісін басқаруға және кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы аудандық мәслихаттың шешім жобасына оң қорытынды берілсін.
3.«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 Заңының 12,13 баптарының негізінде өткізілген отырыстың хаттамасы бойынша (бірауыздан) аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы болып Әділбек Қайсар Саматұлы сайлансын.
Сонымен қатар, аталған заңның 9–бабы, 10-тармағына сәйкес, Мақпал Сүйінбай Саматқызының аудандық қоғамдық кеңес мүшесі өкілеттігінің тоқтатқанына байланысты аудандық қоғамдық кеңестің жаңа мүшесі болып «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры М.Телеушовтың ұсыным-хаты негізінде Қадыров Сәбит Мәдіқұлұлы сайлансын.
«Жаңа өмір»-ақпарат