Basty bet

«Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға тосқауыл қажет»

Есірткінің заңсыз тасымалдануы қоғамның қалыпты дамуына, отбасы үйлесімділігіне барынша зиянын тигізіп, жасөспірімдердің өмірдегі өз жолын таңдауына, ұрпақ тәрбиесіндегі кейбір түйінді мәселелерді дұрыс шешуге кедергі келтіруде.
Уәкілетті органдардың есірткімен күресте бірлесіп жүргізген кешенді жұмыстарының нәтижесінде есірткі тасымалдау арналарына тосқауыл қойылып, оны таратушыларға қарсы күрес күшейтілді, солай бұл саладағы бірқатар қылмыстардың беті ашылды.
Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды, психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады. Көпшілігімізге белгілі Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Қазіргі таңдағы жаңа қылмыстық кодексінде есірткіге қатысты 11 тарауда толық қамтылған, ол 8 баптан тұрады яғни 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303 баптарында толық көрсетілген.
Жаңа қылмыстық кодекстің есірткіге қатысты осыншама көп баптан тұруының басты себебі, аталған дерттің біздің мемлекетімізге қауіп төндіріп отырғанын көрсетіп отыр.
Жуалы аудандық сотында есірткіге қатысты қылмыстық істердің 2020-2023 жылдары арасында қаралуы төмендегі көрсеткіште көрсетіліп отыр.
ҚР ҚК-нің 296 бабының санкциясы қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалары қарастырылған.
Аталған бап бойынша 2020 жылы 18 іс, 2021 жылы 16 іс, 2022 жылы 16 іс, 2023 жылдың 5 айында 5 іс қаралған.
300 бабы 1 бөлігі «Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру».
Аталған бап бойынша 2020 жылы 10 іс, 2021 жылы 9 іс, 2022 жылы 5 іс қаралған.
Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу яғни ҚР ҚК-нің 296 бабының санкциясы қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалары қарастырылған.
300 бабының санкциясы 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не 600 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сотталушылар жоғарыда аталып өткен баптармен айыпталып жазаларын алуда.
Аталған қылмысқа барған азаматтар бақшада есірткі затты өсірудің себебін, денсаулығына ем ретінде қолданатынын айтады, алайда бұл ақталуға негіз емес екені анық. Заңда көрсетілген қылмыс барлығына тең және мемлекетпен қатаң бақылауда тұр.
Нашақорлықтан жапа шеккендер де аз емес, есірткі қолданып адасқандар да көп, отбасыларынан алшақтап өзінің осы дертке қалай батып кеткенін білмей тәуелді болғандар осы есірткі сатушылардың кесірінен болып отыр.
Есірткі сатып, тасымалдайтындарға біздің заңдармен ауыр жазалар да қарастырылған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабына сай, «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» үшін – мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал егер ірі мөлшердегі есірткі болса – мүлкi тәркiленiп, 6 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер де бірнеше рет аса iрi мөлшердегі есірткі болса мүлкi тәркiленiп, 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал егер есірткіні кәмелетке толмаған адамға өткізсе мүлкi тәркiленiп, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есірткі сату жолдары қазіргі таңда интернет желісіне кеңінен таралуда, сол себептен ата-аналарға балаларына интернет желісінде болуға қадағалау жасау қажеттігі қатаңдату керек, қауіп қатерді алдын алсақ өз ұрпақтарымызды сақтандыра аламыз!

Бабырхан Абуев,
аудандық соттың төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close