Basty bet

Әскери борыш абыройлы міндет!

№3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте «Жомарт түлек» жобасының аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай 10-11 сынып оқушыларымен «Әскери борыш – абыройлы міндет!» атты кездесу өтті. Кездесуге Қарабастау ауылының түлегі және Билікөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әмірхан Жарылқаповтың қатысуымен тәрбиелік маңызы зор кездесу өтті.
Кездесуге алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Руслан Трибосынов қатысып, «Отан қорғау – әр азаматтың борышы» екендігі туралы көп мәліметтер берді. Отан қорғаушылар күнінің оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, әскери қызметтің рөлін күшейтуде маңызы зор. Қазіргі таңда кейбір азаматтар Отан алдындағы әскери борышын өтегісі келмейді. Әртүрлі сылтаулар айтып, әскерден жалтарады.
Бұл келеңсіз жағдайлар күннен күнге көбеюде. Сондықтан, әрбір ер азамат Отан қорғауға борыштар екендігін терең түсінулері қажет. Әскерге барған азаматтарға жасалатын жеңілдіктер өте көп. Даңқты қолбасшы, жауынгер-жазушы, Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы Бауыржан Момышұлы – халқының болашағы үшін күрескен тұлға. Өскелең ұрпақ үшін үлгі болған Батыр Бауыржанның әрбір сөзі жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

З.Лухманова,
кәсіптік бағдар беруші

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close