Basty bet

Адамзатқа аса қымбат мереке

Құрметті жуалылықтар!
Тыл және еңбек ардагерлері!
Барша жуалылықтарды аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі, адамзат қауымына аса қымбат мереке – 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды. Онымен қоса еліміз 7 мамырды Отан қорғаушы күні мерекесі ретінде де атап өтеді. Бұл екі мерекенің де халық өмірінде алар орны зор.
Ұлы Жеңіс – сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, Отан деп от пен суға түсіп кең-байтақ жерді қорғап қалған, ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін өлшеусіз ерліктер жасаған ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі. Егемен елі барда ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, елімізге бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Зиядхан Бүрлібаев,
аудандық мәслихаттың төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close