Basty bet

Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін жүзеге асыруда, 7-9 мамырға арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қарсаңында, тұрғындар арасында тағамнан уланулардың алдын алу және эпидемиологиялық асқынуларды болдырмау мақсатында тұрғындарды сапалы және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету қажет. Ол үшін жеке кәсіпкерлер жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Яғни, материалдық-техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығын қадағалау қажет.
– Тез бұзылатын өнімдерді және дайын тағамдарды сату кезінде талаптарды сақтау;
– Жеке кәсіпкерлерде тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;
– Персоналдардың, сатушылардың арнайы киім жинағының болуы;
– Сатушылар мен қызмет көрсету персоналдары алдын ала медициналық тексеруден өткен болуы;
– Міндетті түрде жеке бас гигиенасын сақтауы қажет;
Мереке өткізілетін орын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болғанда ғана тұрғындардың демалуы тиімді болады.Бұл жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алады. Қазақ «Ас – адамның арқауы» дейді. Расында да, дұрыс тамақтану, әрі ас дайындаудағы тазалықты сақтау – адам денсаулығының кепілі. Әсіресе, мереке қарсаңында адам көп шоғырланатын жерлерде, демалыс орындарында тазалық сақтау міндетті.
Ескертеміз!
Инфекциялық және жаппай уланудың пайда болуын және аурулардың таралуының алдын алу мақсатында заңдастырылмаған жерлердегі бей-берекет көше саудасын болдырмау үшін, белгіленген орындардан тыс жерлерде азық-түлік өнімдерін, үй жағдайында дайындалған кремді кондитерлік өнімдерді, аспаздық өнімдерді, сүт және сүт өнімдерін, майонез қосылған күрделі салат өнімдерін және басқа да тез бұзылатын тамақ өнімдерін сатып алмау және сатылмауын қадағалау қажет.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына бей-жай қарамаңыз!

Марат Искаков,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close